×
- О центре
- Специализации
- Повышение квалификации……
- Научная работа
- Пациентам
- Мемлекеттік тіл
«Наурыз-думан» атты мерекелік іс-шара
«Қазақстан Республикасында тіл саясатын дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын денсаулық сақтау жүйесінде іске асыру жөніндегі 2023-2029 жылдарға арналған іс-қимыл жоспарын бекіту туралы» Министрліктің 2025 жылғы 17 наурыздағы № 178 бұйрығына сәйкес, ҚР ДСМ «Академик Н.Ж.Батпенов атындағы Ұлттық ғылыми травматология және ортопедия орталығы» ШЖҚ РМК-да Наурыз мейрамына арналған «Наурыз — думан» атты мерекелік іс-шара 2026 жылғы 17-20 наурыз аралығында ұйымдастырылып, өткізілді. Осы іс-шараға орталықтың бөлімшелері және барлық қызметкерлері белсенді қатысты. 2026 жылғы 17 наурыз күні № 3 травматология бөлімшесі қазақ халқының игі дәстүрлерінің бірі – «Көрісу күні» дәстүрін ұйымдастырып, әріптестер арасында сыйластық пен татулықтың үлгісін көрсетті. 20 наурыз күні «Наурыз – думан» атты іс-шарамыз жалғасын тауып, №1 ортопедия бөлімшесі қазақтың ұлттық ойындарын көрсетіп, көрермендерге көтеріңкі көңіл күй сыйлады. №2 ортопедия бөлімшесі халқымыздың бай мұрасын танытатын ұлттық этнобұйымдарды таныстырды. Ал №7 ортопедия бөлімшесі қазақтың салт-дәстүрінің бірі – «Қыз ұзату» дәстүрін сахналап, ұлттық құндылықтарымызды дәріптеді. Осындай мазмұнды шараға белсенді қатысып, ұлттық дәстүрімізді насихаттаған барлық бөлімшелерге алғысымызды білдіреміз





















Қош келдің — Наурыз!
Тәуелсіз мемлекетіміздің қалыптасуымен бірге Қазақстан Республикасының мемлекеттік мерекесі — Наурыз мейрамы барлық қазақстандықтар үшін жалпы халықтық мереке. Наурыз — бұл тек көктемнің ғана емес, ең әуелі ізгілік пен жақсылықтың мейрамы. Ұлыстың осы бір ұлы күні адамдар бір-біріне деген өкпе-реніштерін ұмытып, кешірімге келіп татуласып, табысқан. Наурыз жыл басы, көктем мерекесі.
2022 жылы 18 наурыз күні «Қош келдің Наурыз!» атты мерекелік іс-шара өткізілді. Наурыз мейрамы қызметкерлерді шығармашылық ынталандыру, ұжымдық рухты арттыру мақсатында жыл сайын өткізіліп отырады. Академик Н.Ж.Батпенов атындағы Ұлттық ғылыми травматология және ортопедия орталығының бөлім қызметкерлері белсене қатысты. Ақ дастархан жайылып, наурыз көже, ұлттық тағамдары қойылды. Қатысушылар өз өнерлерін көрсетті.







«Наурыз аруы — 2023»
Шұғылалы көктемнің мерекесі – Ұлыстың ұлы күні 22 наурыз мейрамы. Наурыз – «жаңа күн» деген сөз. Бұл күн – біздің ата-бабаларымыз, арғы тегіміз мыңдаған жылдардан бері тойлап келе жатқан жыл басы мерекесі.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік мерекесі Наурыз мейрамы қарсаңында АкадемикН.Ж.Батпенов атындағы Ұлттық ғылыми травматология және ортопедия орталығы қызметкерлерінің арасында 2023 жылғы 17 наурыз күні «Наурыз аруы — 2023» атты мерекелік іс-шара өткізілді.
Бүгінгі ұл – ертеңгі әке, бүгінгі қыз ертеңгі ана. Сол себепті орталық қызметкерлері қыздарының бойынан салт — дәстүр, әдет- ғұрып табу – басты мақсатымыз. Осы байқауда орталықтың қыздары өз білімдерін, өнерлерін көрсетті. Женімпаздарды қазылар алқасы анықтап, марапатталды.


Ағымдағы жылдың наурыз айында Академик Н.Ж.Батпенов атындағы ҰҒТОО-нда елдік тұрғыда жаңару мен жаңа құндылықтарды қалыптастыру ісінің аясында Наурызды бірлік, бауырластық пен ынтымақ мерекесі ретінде қарастыратын келесі іс-шаралар ұйымдастырылды.
Наурыз мейрамына арналған іс-шара жоғары деңгейде ұйымдастырылып, ұлттық салт-дәстүрлерді насихаттауға, қатысушылардың бірлігі мен ынтымағын арттыруға зор үлес қосты. Қатысушы көрермендер мерекелік көңіл-күйге бөленіп, Наурыздың мәні мен маңызын терең түсіне білді. Аталған іс-шара ұлттық құндылықтарды дәріптеуге, рухани тәрбиеге оң әсерін тигізді.




Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес төл мерекемізді тойлаудың жаңа дәстүрі қалыптастырылып, 14-23 наурыз аралығында Академик Н.Ж.Батпенов атындағы Ұлттық ғылыми травматология және ортопедия орталығында наурызнама онкүндігі жарияланып, «Қош келдің, Әз-Наурыз!» атты мерекелік іс-шара өтті.
Мерекелік іс-шараға белсене қатысып, өнерлерін көрсеткендері үшін бөлімше қызметкерлеріне алғыс хаттар мен сертификаттар табысталды.




