Құрметті келушілер!

Сіздерді менің ресми блогымда қарсы алуға қуаныштымын!

Нұр-Сұлтандағы Академик Н.Ж. Батпенов атындағы ұлттық ғылыми травматология және ортопедия орталығы — Қазақстан Республикасындағы жетекші ғылыми орталықтардың бірі. 20 жыл бойы институт өзінің басты миссиясын белсенді және тұрақты түрде жүзеге асырып келеді — мыңдаған емделушілерге қозғалыс еркіндігі мен өмір қуанышын қайтарады.

Жоғары зияткерлік және материалдық әлеует, мақсатқа бағытталған тиімді еңбек, әрбір қызметкердің жетілуге және кәсіби өсуге ұмтылысы халыққа ортопедиялық-травматологиялық көмек көрсету деңгейін арттыру міндетін табысты шешуге мүмкіндік береді.

Бүгінде интернет-ресурстар коммуникацияның маңызды буынына айналуда. Осы интерактивті алаң аясында Сіздер сұрақтар қойып, пікірлеріңізбен бөлісе аласыздар.

Осы блог травматология және ортопедия саласында мамандандырылған және жоғары технологиялық шұғыл және жоспарлы медициналық көмек көрсету саласында Сізді толғандыратын мәселелерді жедел шешу үшін тиімді құралға айналатынына сенімдімін.

Image