Пациенттің қанағаттану көрсеткіші

2020 жылға арналған пациенттерге сауалнама жүргізу нәтижелері бойынша ақпарат

Көрсетілетін медициналық көмектің деңгейі мен сапасына пациенттердің қанағаттану дәрежесін айқындау мақсатында Пациентті қолдау және ішкі сараптама қызметі ай сайын стационардағы пациенттер арасында сауалнама жүргізеді.

Сауалнама анонимді, 8 сұрақтан тұрады.

2020 жылғы сауалнамалардың жалпы саны – 1129 құрады, стационарда көрсетілген медициналық көмекпен – 1119 пациент қанағаттандырылды, 10 пациент ішінара қанағаттандырылды. Пациенттердің стационарда көрсетілген медициналық көмектің сапасына қанағаттану дәрежесі 99% - ды құрады.

2017-2021 жылдарға арналған ТОҒЗИ стратегиялық жоспарына сәйкес пациенттердің қанағаттану көрсеткіші 2020 жылы 94% - ды құрайды.

Сауалнама деректері бойынша:

- емдеуші дәрігердің біліктілік (кәсібилік) деңгейіне қанағаттанған - барлық сұралған пациенттер (100%);

- мейіргердің біліктілігі мен күтімі қанағаттандырылды - пациенттердің 97%, ішінара – 0,3%.

Алынған медициналық көмектің сапасы бес балдық шкала бойынша бағаланды, "5" бағасына 1023 пациент (91%), "4" бағасына - 106 пациент (9%) бағаланды.

Негізінен пациенттер бөлімшеде көрсетілетін қызметтерге, сервиске риза болды, бөлімше қызметкерлеріне алғыс сөздер айтылды.