Пациентті қолдау және ішкі бақылау қызметі


Құрметті емделушілер!

Сіздерді ҚР ДСМ "Академик Н. Ж.Батпенов атындағы ұлттық ғылыми травматология және ортопедия орталығы" ШЖҚ РМК "Пациентті қолдау және ішкі сараптама қызметі" қарсы алады.

"Пациентті қолдау және ішкі сараптама қызметінің" функцияларына медициналық көмек көрсету тәртібін бұзу фактілерін анықтау жатады.

Осыған байланысты, егер Сіз:

- медициналық көмек көрсету сапасына қанағаттанбасаңыз;

- тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және МӘМС жүйесінде көрсетілетін медициналық қызметтер үшін медициналық персоналдың ақша қаражатын бопсалау фактісіне тап болсаңыз;

- сондай-ақ егер Сіз медициналық көмек көрсету тәртібі мен сапасына байланысты басқа да проблемаларға тап болсаңыз, Сіз  әкімшілік корпусының 2-қабатындағы каб. 205, 206 "Пациентті қолдау және ішкі сараптама қызметіне" жүгінуге құқылысыз.

Пациенттің құқықтарын қорғау мақсатында:

– "Сенім телефоны" - 54-75-53 (қоңырауларды қабылдау уақыты сағат 8:00-ден 17:00-ге дейін), ол бойынша медицина қызметкерлерінің қызметтік әдеп нормаларын бұзу фактілері туралы хабарлауға болады.

- "Шағымдар мен ұсыныстарға арналған жәшіктер" (қабылдау бөлімінде, травматологиялық пунктте және әкімшілік корпустың 1-қабатында орналасқан), онда Сіз аты-жөніңізді, байланыс деректеріңізді (телефон, мекенжай) көрсете отырып, жазбаша өтініш қалдыра аласыз. Сондай-ақ,

Сіз электрондық поштаға жаза аласыз: nscto_expert@nscto.kz

"Пациентті қолдау және ішкі сараптама қызметі" Сіздің өтінішіңізді мүмкіндігінше қысқа мерзімде қарайды және күнтізбелік бес күннен кешіктірмей Сіздің өтінішіңізді қарау нәтижелері бойынша ақпаратты ұсынады.

Біздің ұйымның медициналық көмек көрсету сапасын жақсартуға көмектесетін Сіздің өтініштеріңіз, түсініктемелеріңіз бен тілектеріңіз үшін Сізге алғысымызды білдіреміз.

Құрметпен,

Көмекбаева Сәуле Базарбайқызы, "Пациентті қолдау және ішкі сараптама қызметінің" басшысы, Іскерлік әкімшілендіру магистрі, жоғары біліктілік санатты денсаулық сақтауды ұйымдастырушы, терапевт дәрігер, ҚР Денсаулық сақтау үздігі

Телефоны: 8 (7172) 54-75-53

"Пациенттерді қолдау және ішкі сараптама қызметінің" қызметкерлері:

-  сарапшы Есимова Л. А.;

- сарапшы Қалиев Н. И.;

-  сарапшы Алжанова М. Т.;

- сапа менеджменті маманы Аубакирова М. К.

Image