Image

Құрылу тарихы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Травматология және ортопедия ғылыми-зерттеу институты облыстық клиникалық аурухана базасында ҚР Үкіметінің Қаулысы (2001 жылғы 9 ақпандағы 215 қ.) негізінде құрылды.

Қысқа мерзім ішінде институттың негізін қалаушысы және бірінші директоры Нұрлан Жұмағұлұлы Батпеновтың және оның мүдделес адамдарының арқасында травматологиялық-ортопедиялық бөлімше ірі ғылыми-клиникалық орталыққа айналды. Мұнда медицинаның бейінді саласында заманауи алдыңғы қатарлы технологияларды әзірлеумен, жетілдірумен және енгізумен айналысады.

Институтта озық, инновациялық технологияларды, оның ішінде ірі буындарды эндопротездеу және емдеу-диагностикалық артроскопиясы, қол-аяқтың сынуларында остеосинтездің жабық кіші инвазиялық технологиялары, омыртқа бағанын хирургиялық түзету және бекітудің заманауи жүйелері және т.б. қолданылады. Жоғары зияткерлік және материалдық әлеует, мақсатқа бағытталған тиімді еңбек, әр қызметкердің кемелдікке және кәсіби дамуға ұмтылуы – халыққа ортопедиялық-травматологиялық көмекті көрсету деңгейін арттыру мәселесін ойдағыдай шешуге мүмкіндік береді.

Аурухананың барлық жұмыс істеген кезеңінде тірек-қимыл жүйесінің жарақаттары мен аурулары бар 200 мыңнан астам науқас жоғары технологиялық және мамандандырылған медициналық көмекті алды. Қазіргі кезде клиника үш негізгі: ғылыми-зерттеу, емдеу және білім беру бағыттары бойынша жұмыс істейді.

Бүгінде әлемдік зияткерлік кеңістікке кірігусіз ойдағыдай даму мүмкін емес, сондықтан да біз жаңа идеялар мен ең жақсы әлемдік тәжірибені қабылдауға және ынтымақтастықта жұмыс істеуге дайынбыз.

«Білетінімізді адамдардың игілігіне жұмсау» – бұл Қазақстандағы бірінші және жалғыз Травматология және ортопедия институтының негізгі қағидасы.


Мемлекеттік рәміздер

Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Туы
Қазақстан Республикасының Елтаңбасы
Қазақстан Республикасының Әнұраны