Image

Бос жұмыс орындары

 

Құрметті ізденушілер!

Сіздерді ҚР ДСМ "Академик Н.Ж.Батпенов атындағы ұлттық ғылыми травматология және ортопедия орталығы" ШЖҚ РМК кадр ресурстарын дамыту бөлімі қарсы алады.

Кадр ресурстарын дамыту бөлімі кәсіпорынның кадр саясаты мен кадр стратегиясын әзірлеуге қатысады. ҚР заңнамасына сәйкес кадрларды қабылдау, қозғалыс және іріктеуді, мониторингті, орталық мамандарының біліктілігін арттыруды, құрылымдық бөлімшелердегі еңбек тәртібінің жай-күйін бақылауды, қызметкерлердің еңбек қызметі мәселелері бойынша консультацияларын жүзеге асырады, әр лауазым бойынша резерв жасайды және қолдайды, еңбек құқықтық қатынастарын ресімдейді, жеке құрамды есепке алу бойынша есептерді қалыптастырады.

Бүгінгі таңда орталыққа қажет:

- ақпараттық қауіпсіздік жөніндегі инженер

Сіз өз түйіндемеңізді бізде қалдыра аласыз немесе оны біздің электрондық пошта мекен-жайымызға жібере аласыз: kadry@nscto.kz

Орталықтың барлық өзекті бос жұмыс орындарын электрондық еңбек биржасынан қарауға болады Enbek.kz

 

Құрметпен,

Қабешова Жанар Мұратқызы, КРДБ бастығы