Академик Н.Ж. Батпенов атындағы ҰҒТОО ғылыми жұмысы

Институтта жоғары білікті ғылыми және медициналық ұжым құрылған. Жаңашылдық рухы, білім мен тәжірибе, диагностика мен оңалтудың ең тиімді әдістерін іздеуге ұмтылу институт ұжымының жұмыс стилі мен қағидаттарын айқындайды.

Ғылыми жетістіктердің нәтижелері 200 патентте, инновациялық патенттер мен алдын ала патенттерде, отандық және шетелдік басылымдарда 2300-ден астам жарияланымда, 50 монографияда, оқу құралдары мен статистикалық жинақтарда, 40 әдістемелік ұсынымда ұсынылған.

Жыл сайын институтта бағдарламалық-нысаналы және гранттық қаржыландыру шеңберінде ғылыми зерттеулер орындалады.

Ұлттық биотехнология орталығымен бірлесіп шеміршек патологиясын (аутологиялық хондробласттар), сүйек ақауларын, сүйек сынықтарының жалған буындарын (аутологиялық остеобласттар), күйік жараларын емдеуге бағытталған жасушалық технологиялар әзірленуде.

ТОҒЗИ-да резидентурада жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік білім беру, дәрігерлердің біліктілігін арттыру және қайта даярлау бағдарламалары іске асырылуда.

Ол үшін операциялық бөлмелерден конференц-залға суреттерді берудің заманауи бейне жүйесімен жабдықталған оқу орталығы ашылды.

Институттың "Травматология және ортопедия"атты ғылыми-практикалық журналы бар.

2012 жылы республиканың облыстары мен қалаларында 9 филиалы бар "Қазақстан травматолог-ортопедтер қауымдастығы" республикалық қоғамдық бірлестігі құрылды.

2016 жылдың 8 қарашасында ҚР СТ ИСО 9001-2009 (ISO 9001:2008) "Сапа менеджменті жүйесі, Талаптары." талаптарына сәйкес сапа менеджменті жүйесінің сертификаты алынды, травматология және ортопедия саласындағы ғылыми, медициналық, фармацевтикалық қызмет және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру қызметтеріне 3 жыл мерзімге қатысты.