Третий Северо-Кавказский ортопедический научно-образовательный форум

📍13-14 мая в г. Ессентуки, Ставропольского края РФ проходит Третий Северо-Кавказский ортопедический научно-образовательный форум, в котором принимает участие и наш центр. Приветственным словом форум открыли организаторы мероприятия.

🔹Первый доклад на тему «Первичное эндопротезирование тазобедренного сустава: основные ошибки» зачитал директор НМИЦ ТО им. Р.Р. Вредена, д.м.н., профессор Тихилов Рашид Муртузалиевич. ННЦТО с темой «Развитие инновационных технологий в ННЦТО им. Академика Батпенова Н.Д.» представил заместитель директора по научной работе и стратегии, доктор PhD Батпен Арман Нурланович. А также заведующий отделением ортопедии №6, к.м.н. Абдалиев Сейдали Сапаралиевич с докладом «Хирургическая коррекция деформаций позвоночника».

🔹К слову, участие в форуме принимают известные российские ученые и врачи в области травматологии и ортопедии как директор НМИЦ ТО им Н.Н. Приорова, д.м.н., профессор Губин Александр Вадимович, директор НМИЦ детской травматологии и ортопедии им. Г.И. Турнера, член-корреспондент РАН, д.м.н., профессор Виссарионов Сергей Валентинович, и.о. директора, главный врач НМИЦ ТО имени академика Г.А. Илизарова, д.м.н Бурцев Александр Владимирович и многие другие.

***

📍13-14 мамырда РФ Ставрополь өлкесінің Ессентуки қаласында Үшінші Солтүстік Кавказ ортопедиялық ғылыми-білім беру форумы өтіп жатыр, оған біздің орталық та қатысып жатыр. Шараны ұйымдастырушылар форумды алғы сөзімен ашты.

🔹«Жамбасты алғашқы протездеу: негізгі қателер» тақырыбындағы бірінші баяндаманы Р.Р. Вреден атындағы Ұлттық медициналық травматология және ортопедия ғылыми-зерттеу орталығының директоры, м.ғ.д., профессор Тихилов Рашид Муртузалиевич оқыды. ҰҒТОО-ын «Академик Н.Ж.Батпенов атындағы ҰҒТОО-да инновациялық технологияларды дамыту» тақырыбымен директордың ғылыми жұмыс және стратегия жөніндегі орынбасары, PhD докторы Арман Нұрланұлы Бәтпен және де №6 ортопедия бөлімінің меңгерушісі, м.ғ.к. Абдалиев Сейдали Сапаралиұлы «Омыртқаның деформациясын хирургиялық түзету» баяндамасымен таныстырды.

🔹Сонымен қатар, форумға Ресейдің травматология және ортопедия саласындағы белгілі ғалымдары мен дәрігерлері Н.Н. Приоров Ұлттық медициналық травматология және ортопедия ғылыми-зерттеу орталығының директоры, профессор Губин Александр Вадимович, Г.И.Турнер атындағы балалар ҰМТОҒЗО директоры, Ресей ғылым академиясының корреспондент-мүшесі, м.ғ.д., профессор Виссарионов Сергей Валентинович, академик Г.А.Илизаров атындағы ҰМТОҒЗО директорының м.а., бас дәрігер, м.ғ.д. Бурцев Александр Владимирович және т.б қатысып жатыр.


Печать   E-mail