Ауылдық жерлерде медициналық инфрақұрылымды жүйелі жаңарту жалғасуда. "Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту" ұлттық жобасы шеңберінде шалғай аудандарда тұратын халыққа медициналық көмектің қолжетімділігі кеңейтіліп, сапасы артуда.
ОАА жабдықталған телемедициналық кабинеттерінде ауылдық пациенттер облыстық және республикалық клиникалардың жетекші дәрігерлерінен қашықтықтан кеңес ала алады. Өткен жылы тек ҰҒТОО-да өңірлерден ауыр жарақат алған науқастарға 165 телемедициналық кеңес өткізілді. Сонымен қатар, орталықтың үздік мамандары мастер-класстар мен күрделі операциялар жүргізу үшін өңірлерге 26 сапарды, оның ішінде 11-і шетелдік мамандардың қатысуымен жүзеге асырды. Медициналық авиация мамандарымен бірлесіп, елдің әр түкпіріне жарақаттанған пациенттерге 536 ұшу жүзеге асырылды, 737 пациентке көмек көрсетілді. Сол орында 46 операция жасалды.
Жарақат алған пациенттерге көмек көрсету сапасын одан әрі арттыру және мамандандырылған медициналық көмекке қолжетімділікті жақсарту мақсатында соңғы 3 жылда облыстарда жарақат бойынша ахуалдық орталықтарды ашу бойынша жұмыс жүргізілуде. Алдағы уақытта жоғары білікті мамандар мен медициналық жоғары оқу орындарының ғылыми қызметкерлерін тарта отырып, жоғары білікті медициналық көмек көрсетілетін өңірлік травматологиялық орталықтар құру жоспарлануда.
Бұл шаралар "алтын сағат" қағидатын сақтай отырып, инфаркт, инсульт, жарақат және басқа да жағдайлар кезінде ауыл тұрғындарына шұғыл медициналық көмек көрсетуді қамтамасыз етеді. Жүргізілген жұмыстың нәтижесінде жарақаттанудан, уланудан және жазатайым оқиғалардан өлім-жітім соңғы 5 жылда 20% – ға, ЖКО-дан өлім-жітім 16% - ға төмендеді. Жарақаттан өлім-жітім көрсеткіші 2024 жылы 100 мың тұрғынға шаққанда 52,9 және ЖКО-дан 100 мың тұрғынға шаққанда 12,4 құрады.
Ауылдық жерлерге медициналық кадрларды тарту бойынша инновациялар: ауылдағы жұмысқа орналасуды таңдайтын тапшылығы жоғары бейіндер бойынша жас дәрігерлер қосымша қаржылық ынталандырулар, тұрғын үйге жеңілдікті кредиттер және кәсіби өсу үшін мүмкіндіктер алады. 2024 жылы ел бойынша "травматология-ортопедия" мамандығы бойынша 103 резидент шығарылды (оның ішінде 15-і ҰҒТОО), олар зардап шеккендерге көмек көрсетеді. Бұдан басқа, ҰҒТОО базасында өңірлерден 98 маман біліктілігін арттырудан өтті, 2 дәрігер сертификаттау курсында оқыды.
2024 жылы Қазақстанның барлық өңірлерінен 12 мыңға жуық пациент, алыс және жақын шетелдерден 80 пациент емделді, сүйектер мен буындарға 11 мыңға жуық хирургиялық араласу жүргізілді.
Академик Н.Ж. Батпенов атындағы ҰҒТОО заманауи технологияларды, емдеудің инновациялық әдістерін, кейіннен еліміздің барлық өңірлерінде күнделікті тәжірибеге енгізілетін бірегей операцияларды әзірлеу және енгізу бойынша жұмысты белсенді жүргізеді.