📌Қайырлы күн! Багдат Ерсайынович, Сізге тағы да рахметімді айтқым келеді. Мұндағы таң яғни сіз бастаған топ дәрігерлердің науқастармен жылы амандасып, хал сұрауынан басталады. Әрине бұл керемет көрініс. Сіздей тәжірибелі маманға ота жасатып, шипалы ем алып шығуыма бар күші мен біліктілігін жұмсап жатқандарыңызға көп рахмет.
Жара таңушы мамандарыңыздың ұқыптылығы, жылы сөздері мен емделушілерге деген ыстық ықыластарының өзі дертке дауа деп есептеймін.
Шаршап тұрсаңыздар да, күлімсіреп жағдайымызды сұрап, науқастардың көңілдерінен шығып жүресіздер өз кәсіптеріңізге деген жауапкершіліктеріңізді істеріңізбен көрсете алатын керемет мамансыздар.
Осы ұжымдағы медбикелер ұқыпты, жылыжүзді, санитарлар палатаны аса мұқият жинайды, қайырымды, мәдениетті тағам үлестіруші ханымға және басқа аталмаған бөлім қызметкерлеріне де алғыс айтамын.
Бөлімнің тағы бір ерекше тұсын айтар болсам, бұл жерде негізгі жұмыс тілі де, емделушілермен қарым-қатынас тілі де – мемлекеттік тіл. Президентіміз қазақ тілінің қолданысын күшейтуді қолдап жатқанда, ана тілімізге деген бөлімінің үлесі мақтауға тұрарлық деп санаймын.
Өз міндеттерін мүлтіксіз атқарып жатқан дәрігерлерімізді Алла қателестірмесін, ел ризашылығына бөленсін, отбасылары берекелі болсын, ауырмай-сырқамай көп жасай берсін! Әрине сізге ерекше мың алғыс білдіремін.Үнемі Алланың назарында болыңыз.
✍️Құрметпен емделуші: Жуманова Индира Изтлеуовна.
▪▪▪▪▪▪▪▪▪▪▪▪▪▪▪▪▪▪▪▪
📌Здравствуйте, моей маме Ибраевой Назым Куанышбековне сделали операцию коленного сустава, она долго не решалась, боялась, но благодаря высокому уровню профессионализма врачей все прошло успешно, выражаю огромную благодарность Отделению Реабилитации инструктору ЛФК Тлеуовой Махаббат, физио медсестре Оспан Казизе, которые специальными аппаратами приходили выполнять процедуры, для разрабатывания сустава, спасибо за заботу и внимание, отдельная благодарность врачу который делал операцию Байдалину Тимуру Толегеновичу, врачу Садыкову Аблаю Абдыкалыковичу, перевязочной медсестре Керимбаевой Жанаре, крепкого вам здоровья, благополучия в семье! Я рада что мама попала именно в ваши руки!