Image

Құрметті конференцияға қатысушылар!

 КОНФЕРЕНЦИЯ 2024 ЖЫЛДЫҢ 28 ЖӘНЕ 29 ТАМЫЗЫНА АУЫСТЫРЫЛДЫ!



ҚР ДСМ академик Н.Д.Батпенов атындағы травматология және ортопедия ұлттық ғылыми орталығы (бұдан әрі – ҰҒТОО) және Қазақстан травматологтар мен ортопедтердің Қазақстандық қауымдастығы (бұдан әрі – ҚАТО) Қазақстан Республикасының Президенті Қ.-Ж. Тоқаев еліміздің бірқатар өңірлеріндегі қазіргі ауқымды су тасқыны жағдайына байланысты имидждік және басқа да ірі іс-шараларды өткізуден бас тартуды тапсыруына байланысты 16-17 мамырға жоспарланған Қазақстан Республикасы Ортопед-травматологтарының IV Cъезін және Қазақстан ортопедиялық травматологтар қауымдастығының III Cъезін 2024 жылдың 28-29 тамызға шегіндіруге мәжбүр.

ҰҒТОО және ҚАТО көрсетілген қызығушылық үшін шынайы алғысын білдіреді және іс-шараны кейінге қалдыруға байланысты туындаған қолайсыздықтар үшін кешірім сұрайды.

Шараға шақырылған қатысушылар бұл шешімге түсіністікпен қарайды деп сенеміз.


Халықаралық қатысумен Қазақстан Республикасы травматолог-ортопедтерінің IV Съезі және Қазақстандық травматолог-ортопедтер қауымдастығының III Съезіне қатысыңыз.

Съез жұмысына жақын және алыс шетелдердің 10-нан астам елінен: Беларусь, Германия, Польша, Қырғызстан, БАӘ, Ресей, Тәжікстан, Түркия, Өзбекстан, Эстония және т.б. ғалымдар, травматолог-ортопедтер қатысады.

⬇️Дәрігерлердің назарына ұсынылады:

-пленарлық отырыстар
-білім беру мастер-кластары, сателлитті симпозиумдер
-постерлік баяндамалар
-«Батпенов оқулары» жас ғалымдар конференциясы
-медициналық мақсаттағы бұйымдар көрмесі

Ғылыми бағдарлама мынадай бөлімдерді қамтиды:

▪️Травматология-ортопедиялық көмекті ұйымдастыру
▫️Травматология мен ортопедиядағы инновациялық технологиялар
▪️Көпжарақат
▫️Омыртқа бағанасының зақымдануы мен ауруларын хирургиялық емдеу
▪️Балалар травматологиясы мен ортопедиясының өзекті мәселелері
▪️Травматология-ортопедиялық науқастарды емдеудегі қателер мен асқынулар
▫️Физикалық медицина мен оңалтудың өзекті мәселелері