№5 ортопедия бөлімшесі

Бөлімшеде артроскопиялық технологияларды пайдалана отырып буын патологиясы бар науқастарды хирургиялық емдеу жүргізіледі. Артроскопиялық технологияларды қолдану пациенттерді емдеу сапасын едәуір жақсартуға, медициналық және әлеуметтік оңалту мерзімдерін жеделдетуге мүмкіндік береді. Жыл сайын бөлімшеде тізе және иық буындарына 900-ден астам араласу жасалады, бөлімше қызметкерлері күн сайын консультациялық көмек көрсетеді.

Буындардың емдік-диагностикалық артроскопиясын орындау үшін "Де Пью", Stryker, Karl Storz фирмаларының жабдықтары қолданылады, ең заманауи импланттар мен "Arthrex"технологиялары пайдаланылады. Бөлімшеде Ұлттық биотехнология орталығымен бірлесіп жасушалық терапия әдістерін әзірлеу бойынша ғылыми жұмыс жүргізілуде, тірек-қимыл аппаратының патологиясын емдеу үшін тромбоциттермен байытылған плазманың көмегімен емдеу әдісі (PRP-терапия) енгізілді.

 

Мамандандыру: буындардың патологиясы бар науқастарды емдеу, спорттық жарақаттар

Технологиялар мен әдістемелер: Эндовидеохирургия

Төсек-орын саны: 25

Врачи отделения

Мы поддерживаем беспрецедентный послужной список чтобы соответствовать вашим ожиданиям, потребностям и стандартам. Познакомьтесь с нашей командой высококвалифицированных специалистов
Раймагамбетов Ерік Қанатұлы

Раймагамбетов Ерік Қанатұлы

Бөлімше меңгерушісі, республикалық артроскопия және спорттық жарақат орталығының басшысы

Ахметов Санат Борамбайұлы

Ахметов Санат Борамбайұлы

Жоғары біліктілік санатты травматолог-ортопед дәрігері

Қорғанбекова Гүлжанат Сансызбайқызы

Қорғанбекова Гүлжанат Сансызбайқызы

Жоғары біліктілік санатты травматолог-ортопед дәрігері

Попробуйте наш калькулятор стоимости для получения более подробной информации.