Специалисты ННЦТО оказали практическую помощь в Улытауской области

С 21 по 23 августа команда специалистов Национального научного центра травматологии и ортопедии им. академика Батпенова посетила Жезказган и Сатпаев с рабочим визитом. Цель поездки — мониторинг оказания травматолого-ортопедической помощи в регионе, практическая поддержка местных врачей и выработка совместных решений по развитию службы.
В состав выездной группы вошли врачи-травматологи-ортопеды ННЦТО им. Академика Батпенова Н.Д. В ходе работы были посещены Областная многопрофильная больница г. Жезказган и Городская больница г. Сатпаев.
За три дня специалисты ННЦТО проконсультировали свыше 60 пациентов с различными травмами и заболеваниями опорно-двигательного аппарата. Обсуждались вопросы эндопротезирования тазобедренных и коленных суставов, лечения последствий переломов, восстановления связок, разработаны индивидуальные планы реабилитации. В Сатпаеве были проведены оперативные вмешательства пациентам с деформациями стопы.
Кроме работы с пациентами, специалисты ННЦТО оказали методическую помощь коллегам на местах: обсуждались вопросы организации отделений, оснащения медицинских организаций современным оборудованием, соответствия санитарным нормам. Отдельное внимание уделено необходимости обучения кадров и проведения мастер-классов для врачей области.
Совместно с Управлением здравоохранения Улытауской области утвержден план мероприятий по развитию травматологической и ортопедической помощи. Он включает:
— открытие новых отделений и травматологического блока в Сатпаеве,
— дооснащение медицинских организаций современными медицинскими изделиями,
— повышение квалификации врачей при поддержке ННЦТО.
Таким образом, выездные визиты специалистов ННЦТО становятся важным инструментом не только для оказания практической помощи пациентам, но и для системного развития травматологической службы в регионах.
📌 Работа по развитию региональной медицины продолжается, главная цель ННЦТО им. академика Батпенова остаётся неизменной: сделать качественную травматолого-ортопедическую помощь доступной каждому жителю Казахстана.




Академик Н.Ж.Батпенов атындағы ҰҒТОО мамандары Ұлытау облысында тәжірибелік көмек көрсетті
21-23 тамыз аралығында академик Н.Ж. Батпенов атындағы Ұлттық ғылыми травматология және ортопедия орталығының мамандар тобы Жезқазған мен Сәтбаев қалаларына жұмыс сапарымен барды. Сапардың мақсаты-өңірде травматология-ортопедиялық көмек көрсету мониторингі, жергілікті дәрігерлерді практикалық қолдау және жұмысты дамыту бойынша бірлескен шешімдер әзірлеу.
Көшпелі топтың құрамына академик Н.Ж. Батпенов атындағы ҰҒТОО-ның травматолог-ортопед дәрігерлер кірді. Жұмыс барысында Жезқазған қаласының Облыстық көпсалалы ауруханасы мен Сәтбаев қаласының Қалалық ауруханасына барды.
Үш күн ішінде ҰҒТОО мамандары тірек-қимыл аппаратының түрлі жарақаттары мен аурулары бар 60-тан астам пациентке кеңес берді. Ұршық буын және тізе буындарын эндопротездеу, сынықтардың салдарын емдеу, байламдарды қалпына келтіру мәселелері талқыланды, оңалтудың жеке жоспарлары әзірленді. Сәтпаевта аяқ басы деформацияланған пациенттерге операциялық араласулар жүргізілді.
Пациенттермен жұмыс жасаудан басқа, ҰҒТОО мамандары жергілікті жерлердегі әріптестеріне әдістемелік көмек көрсетті: бөлімшелерді ұйымдастыру, медициналық ұйымдарды санитарлық нормаларға сәйкес заманауи жабдықтармен жарақтандыру мәселелері талқыланды. Облыс дәрігерлері үшін кадрларды оқыту және мастер кластарды өткізу қажеттілігіне ерекше назар аударылды.
Ұлытау облысының Денсаулық сақтау басқармасымен бірлесіп травматология және ортопедиялық көмекті дамыту жөніндегі іс- шаралар жоспары бекітілді. Ол мыналарды қамтыды:
- Сәтпаевта жаңа бөлімшелер мен травматологиялық блоктың ашылуы;
- медициналық ұйымдарды заманауи медициналық бұйымдармен толық жарақтандыру;
- ҰҒТОО-ның қолдауымен дәрігерлердің біліктілігін арттыру.
Осылайша, ҰҒТОО мамандарының көшпелі сапарлары пациенттерге практикалық көмек көрсету үшін ғана емес, сонымен қатар өңірлерде травматологиялық қызметті жүйелі дамыту үшін де маңызды құралға айналуда.
📌 Өңірлік медицинаны дамыту бойынша жұмыс жалғасуда, Академик Н.Ж.Батпенов атындағы Ұлттық ғылыми травматология және ортопедия орталығының басты мақсаты өзгеріссіз қалады: Қазақстанның әрбір тұрғыны үшін сапалы травматологиялық-ортопедиялық көмекті қолжетімді ету.