Көрнекті ғалым, білікті дәріге…
Отандық медицинаның көрнекті қайраткері, м.ғ.д., профессор, ҚР МҒА корреспондент-мүшесі Аманғазы Масалімұлы Жанаспаевтың дүние салуына байланысты көңіл айтамыз.
Ол бүкіл саналы ғұмырын еліміздің травматология және ортопедия саласын дамытуға арнады. Семей мемлекеттік медицина академиясында (қазіргі СМУ) ұзақ жылдар кафедра басқарып, артына 200 ғылыми еңбек, 4 іргелі монография және 9 өнертабыс қалдырды. Елімізде алғаш рет бейінді диссертациялық кеңесті басқарып, жоғары білікті дәрігерлер мен ғалымдар шоғырын тәрбиеледі.
Талапшыл тәлімгер, бірегей хирург әрі үлкен медициналық әулеттің негізін қалаған парасатты тұлғаның жарқын бейнесі есімізде мәңгі сақталады. Марқұмның отбасы мен жақындарының қайғысына ортақтасамыз.
Академик Н.Д. Батпенов атындағы Ұлттық ғылыми травматология және ортопедия орталығының ұжымы
