×
- О центре
- Специализации
- Повышение квалификации……
- Научная работа
- Пациентам
- Мемлекеттік тіл
Қазақстан Республикасы халықтарының тілдер күніне және Ахмет Байтұрсынұлының 150 жыл мерейтойына арналған мерекелік іс-шара
Тіл – халықтың баға жетпес байлығы, ол ұлттардың бірігуі мен тату болуына ықпал етеді. Ана тіліміз – тәрбие құралы және адамдардың тілдік қарым-қатынасын байланыстыратын болмыс өзегі. Тілдер күні – Қазақстанның азаматтар достығының, туыстық пен бірлігінің белгісі, ал халықтар достығы, өзара түсіністік пен ынтымақтастық – мемлекет құрылысының басты тірегі.
5 қыркүйек – Қазақстан Республикасы халықтарының тілдер мерекесі. Бұл – барша елге ортақ, жалпы халықтық мереке, барлық ұлт өкілдеріне көрсетілген құрмет деп білеміз.
«Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің қуаттысы – тіл» деген ұлағатты сөз қалдырған, қазақ халқының тағдыры мен тілі үшін күрескен Алаш арысы, ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 150 жыл толып отыр.
Қазақстан Республикасы халқының тілдері күніне орай 2022 жылғы 9 қыркүйекте «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте!» және Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай іс-шара өткізілді. Мерекелік іс-шарамыз осы Ахмет Байтұрсынұлының мерейтойымен тығыз байланыста өткізілді. Орталық бөлімшелерінің қызметкерлері аталған іс-шараға белсенді қатысты. Мереке жоғарғы деңгейде өткізілді.




Қазақстан халқының Тілдер мерекесіне орай және қазақтың көрнекті ақыны, ағартушысы Сұлтанмахмұт Торайғыровтың туғанына 130 жыл толуына байланысты 2023 жылғы 8 қыркүйекте Орталықта «Қараңғы қазақ көгіне, өрмелеп шығып, күн болам!» атты мерекелік іс-шара өтті
Іс-шараның мақсаты – мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру, ана тіліміздің байлығын дәріптеу, сондай-ақ Сұлтанмахмұт Торайғыров шығармалары арқылы тілге, елге деген сүйіспеншілікті арттыру.
Іс-шарада қатысушылар Сұлтанмахмұт Торайғыровтың өмірі мен шығармашылығына байланысты слайд көрсетті, ақынның өлеңінен үзіндіні мәнерлеп, жатқа оқып, шығармаларынан сахналық қойылым сомдады.
Аталған мазмұнды іс-шара ана тілімізді дәріптеуге, ұлттық сананы нығайтуға және ұлы тұлғалардың мұрасын ұрпақ санасында мәңгі қалдыруға зор үлес қосады.



ҚР тіл саясатын дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын денсаулық сақтау жүйесінде іске асыру жөніндегі 2023-2029 жылдарға арналған іс-қимыл жоспарының 15-тармағын іске асыру және медицина терминдерінің қазақ тілінде қалыптасуы, травматология мен ортопедия терминдерінің аударылу тәсілдері мен қолданысы, терминдерге тән талаптарды сақтау бойынша тәжірибе алмасу мақсатында Академик Н.Ж. Батпенов атындағы Ұлттық ғылыми травматология және ортопедия орталығында 2024 жылғы 26 қыркүйекте «Жалпы медицина саласында, оның ішінде травматология мен ортопедияда қолданылатын терминология мәселелері» тақырыбында республикалық дөңгелек үстел ұйымдастырылды.








Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойын атап өту, ұлы ақынның мұрасын дәріптеу арқылы мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейтуді және оның мәртебесін арттыруды қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар өткізу мақсатында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Академик Н.Ж.Батпенов атындағы Ұлттық ғылыми травматология және ортопедия орталығы» ШЖҚ РМК 2025 жылғы 17 қыркүйекте «Абай дана, Абай дара қазақта» атты шығармашылық кеш ұйымдастырылыпп, өткізілді.
Осы мерекелік іс-шара шығармашылық кеш түрінде өтті. Іс-шараға ҚР ДСМ «Академик Н.Ж.Батпенов атындағы Ұлттық ғылыми травматология және ортопедия орталығы» ШЖҚ РМК құрылымдық бөлімшелердің қызметкерлері қатысты.








