1 Наурыз - Алғыс айту күні!

Құрметті оқырмандар,  Сіздерді академик Н.Ж. Батпенов атындағы Ұлттық ғылыми травматология және ортопедия орталығының атынан 1 наурыз – Алғыс айту күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!

Қазақстан халқы биыл сегізінші жыл қатарынан  Алғыс айту күнін атап өтуде. Тағдырдың тәлкегімен елімізге қоныс аударған түрлі этнос өкілдерін қазақ халқы құшақ жая қарсы алып, ауыртпалық атаулыны бірге көтерді. Бұл күн - қиын-қыстау кезеңдерде қуаныш-қайғыны бөлісіп, пана бола білген қазақ халқына өзге ұлт өкілдерінің алғыс айтатын күні.

2016 жылы 14 қаңтарда ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 1 наурыз - Алғыс айту күні деп жарияланғаны туралы жарлыққа қол қойды. Дәл осы 1 наурыз күні елімізде Қазақстан халқы Асссамблеясы құрылған болатын. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев 2015 жылдың 22 сәуірінде Ассамблеяның XXII сессиясында Алғыс айту күнін белгілеуге не түрткі болғанын айтқан болатын.

«Оларды пойыз вагондарынан жапан далаға түсіріп кетті. Ол кездері мұнда тек қазақтар өмір сүрді. Сондықтан олар қабыл алып, көмек көрсетті. Қиын уақыттарды бастан өткеріп жүрген қазақ отбасылары балшық үйлеріне кіргізіп, қабылдады. Біздің жанұямыз да үш баласы бар ерлі-зайыптыны қабылдады. Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күнін - 1 наурызды жыл сайын барлық этностардың бір-біріне мейірімділік көрсететін, түрлі халықтарды туғанындай қабылдаған қазақтарға Алғыс айту күні деп атап өткен дұрыс болар еді. Бұл бізді одан әрі жақындастырар еді. Бұл күн барлық қазақстандықтардың бір-біріне мейірім, достастық және махаббат таныту мерекесі бола алады», деді Нұрсұлтан Назарбаев.

-----

Уважаемые читатели, от имени Национального научного центра травматологии и ортопедии им.академика Н.Д. Батпенова от всей души поздравляем вас с Днем благодарности!

В этом году народ Казахстана восьмой год подряд отмечает День благодарности. По воле судьбы представителей различных этносов, переселившихся в нашу страну, с распростертыми объятиями приветствовал казахский народ и вместе пережили трудные времена. Этот день-День благодарности представителей других национальностей казахскому народу, который в трудные времена разделял радость и печаль.

14 января 2016 года Первый Президент РК -  Нурсултан Назарбаев подписал указ об объявлении 1 марта Днем благодарности. Именно 1 марта в нашей стране была создана Ассамблея народа Казахстана. Нурсултан Назарбаев на XXII сессии Ассамблеи 22 апреля 2015 года рассказал, что послужило толчком для установления Дня благодарности.

"Их выгнали из вагонов поезда. В те времена здесь жили только казахи. Поэтому они приняли и оказали помощь. Казахские семьи, пережившие трудные времена, приняли их в свои глиняные дома. Наша семья также приняла пару с тремя детьми. Правильно было бы отметить День создания Ассамблеи народа Казахстана - 1 марта-как День благодарности казахам, которые каждый год проявляют милосердие друг к другу, принимают разные народы как родные. Это еще больше сблизило бы нас. Этот день может стать праздником милосердия, дружбы и любви всех казахстанцев друг к другу»,-сказал Нурсултан Назарбаев.

 

 


Печать   E-mail