Абдрахманов Алибек Жанпеисович награжден Орденом «Құрмет»

Республика күнін мерекелеу қарсаңында, 22 қазанда елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан елеулі үлесі, белсенді қоғамдық қызметі үшін азаматтардың үлкен тобы мемлекеттік наградалармен марапатталды. Олардың ішінде "Құрмет" орденімен "Академик Н.Ж. Батпенов атындағы Ұлттық ғылыми травматология және ортопедия орталығы" ШЖҚ РМК жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бөлімінің профессоры Әлібек Жанпейісұлы Әбдірахманов марапатталды.

Сондай-ақ, Қасым-Жомарт Тоқаев "Парасат" орденін "University Medical Center" корпоративтік қорының балаларды оңалту ұлттық орталығының директоры Шолпан Әділжанқызы Бөлекпаеваға және "Астана медицина университеті" КЕАҚ академик Ж.х. Хамзабаев атындағы радиология кафедрасының меңгерушісі Раушан Ибжанқызы Рахымжановаға табыс етті.

Барлық ұжымды жоғары наградамен құттықтаймыз!

 

***

В канун празднования Дня Республики, 22 октября за значительный вклад в социально-экономическое и культурное развитие страны, укрепление дружбы и сотрудничества между народами, активную общественную деятельность большая группа граждан награждена государственными наградами. В их числе Орденом «Құрмет» награжден профессор отдела послевузовского образования РГП на ПХВ «Национальный научный центр травматологии и ортопедии имени академика Батпенова Н.Д.» Абдрахманов Алибек Жанпеисович.

Также Касым-Жомарт Токаев вручил Орден «Парасат» директору Национального центра детской реабилитации Корпоративного фонда «University Medical Center» Булекпаевой Шолпан Адильжановне и заведующей кафедрой радиологии имени академика Ж.Х. Хамзабаева НАО «Медицинский университет Астана» Рахимжановой Раушан Ибжановне.

Всем коллективом поздравляем с высокой наградой!


Печать   E-mail