Халықаралық әйелдер күніне мерекелік іс-шара

8 Наурыз Халықаралық әйелдер күніне орай Н.Ж. Батпенов атындағы Ұлттық ғылыми травматология және ортопедия орталығында мерекелік іс-шара өткізілді.
Іс-шараны орталығымыздың көрікті, мейірімді, нәзік жанды ару қыздарды мен әйелдерді құттықтау сөздерімен және ізгі тілектермен орталық директоры Олжас Бекарисов ашып берді.

Сонымен қатар, мерекеге орай біршама қызметкерлерге ҚР Денсаулық сақтау министірлігінен Құрмет грамотасы және Алғыс хаттар және Аманат партиясының атынан алғыс хаттар берілген болатын.
Мерекелік марапаттар алған қызметкерлер:
Гурбанова Эльнар Иншаллаховна - операциялық блоктың меңгерушісі;
Қуаныш Айемгуль Альдекебаевна - Инфекциялық бақылау бөлімінің меңгерушісі;
Жунусова Бинагуль Кайнулловна - ортопедия 6 бөлімшесінің мейірбикесі;
Орынбаева Айгуль Мырзатайқызы - Операциялық мейірбикесі ;
Асылбекова Айгуль Леонидовна - бас бухгалтер орынбасары;
Нурова Тогжан Мурзабаевна -Мемлекеттік сатып алу бойынша заңгер;
Балтабаева Анаргуль Жуматаевна-кадр жұмыс жөніндегі маман, Аманат партиясы алғыс хаты;
Биланова Бакыт Ильясовна- бас мейіргер,Аманат партиясы алғыс хаты.


Іс-шараға қатысушыларға ерекше көңіл күй сыйлап, ізгі тілектерімен ер азаматтар, ханымдарға көктемгі көңіл күй сыйлады.
Барлық әйелдер қауымын мерекемен құттықтаймыз және барлықтарыңызға жұмыстарыңызға сәттілік, махаббат, қуаныш пен бақыт тілейміз!


Печать   E-mail