ҰҒТОО - да медицина қызметкерлері күні аталып өтті

Бүгін Орталықта Медицина қызметкерлері күні құрметіне орай және  денсаулық сақтау саласындағы көпжылғы адал еңбегі үшін, орталықтың бірқатар қызметкерлері марапатқа ие болды.

Сонымен қатар, "Аманат" партиясы атынан Ержан Ысқақов орталық қызметкерлеріне алғыс хаттар табыс етті,
кәсіподақ атынан Серік Балгазаров  қызметкерлерді "Денсаулық сақтау ісінің үздігі" төсбелгілерімен, орталықтың дамуына қосқан үлесі үшін құрмет грамоталарымен, сондай-ақ жағымды сыйлықтармен марапаттады.

 

2023 жылы «Aqniet» Қазақстандық Денсаулық сақтау қызметкерлерінің салалық кəсіподағы ұйымдастырған спартакиада бойынша жалпы медициналық ұйымдар арасында ҰҒТО орталығы жүлделі 3 орын иеленді. 


Печать   E-mail