Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысылығымен жұмыс кездесу өтті

2023 жылғы 19 мамырда ҚР ДСМ "Академик Н.Ж.Батпенов атындағы ҰҒТОО басшылығы  Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысылығымен жұмыс кездесуін өткізді. Кездесуге аудандық ауруханалар мен облыстың амбулаториялық-емханалық ұйымдарының бас дәрігерлері қатысты. Өңірлерге болашақ травматологтарды тарту үшін облыс өкілдерінің 1-3 курс резиденттерімен кездесуі өткізілді. ДСБ басшысы К. К. Абдалиев өңірде жұмыс істейтін жас мамандарға арналған ынталандыру бағдарламалары туралы айтып берді. Әлеуметтік пакет облысқа келген жас дәрігерлерге тұрғын үй, 1 миллион теңгеден 3 миллион теңгеге дейінгі көлемде көтерме төлемдер көздейді, жалақыға арттыратын коэффициент қолданылады және т.б. барлық дерлік медициналық ұйымдар травматологиялық бейіндегі операцияларды жүргізу үшін заманауи медициналық жабдықтармен жабдықталған.  

Қонақтарға республикалық көрсеткіштерге қатысты облыстағы жарақаттармен жұмыс және жол қауіпсіздігі көрсеткіштері туралы ақпарат ұсынылды.      Академик Н.Ж.Батпенов атындағы ҰҒТОО директоры О.С.Бекарисов Атырау облысының басшылығына орталықтың өңір травматологтарына әдістемелік және практикалық көмек көрсету мүмкіндіктері туралы хабарлады. Бұдан басқа, ұйымдастырушылық-әдістемелік мақсатта және жергілікті жерлерде проблемалық мәселелерді анықтау мақсатында еліміздің батыс өңіріне, оның ішінде Атырау облысына ҰҒТОО мамандарының жоспарланған сапары туралы айтылды.


Печать   E-mail