Жоғары технологиялық операцияны жүргізу бойынша мастер-класс.

 

Қазақстанның жетекші маманы Қызылорда қ. ОМО-да тізе буынына жоғары технологиялық операция жүргізу бойынша мастер-классын өткізді.

Қазақстанның Артроскопия және спорттық жарақат жөніндегі жетекші дәрігері Балбосынов Бағдат Ерсайынұлы Қызылорда қаласының Облыстық медициналық орталығында Қызылорда қаласындағы әріптестеріне 7 көрсетілімді операциясын жүргізді. ОМО әріптестерімен бірлесіп дәрігер айқыш тәрізді байламның және менискінің зақымдануы бар пациенттерге операция жасады

Мастер-класс академик Н.Ж. Батпенов атындағы Ұлттық ғылыми  травматология және ортопедия орталығымен, Қызылорда қ. ОМО әріптестерінің сұрауы бойынша өңіраралық шарт шеңберінде ұйымдастырылды.

Операцияның артроскопиялық әдісі бүгінгі күнде ең үздік әдістердің бірі болып табылады. Операцияның бұл әдісі тізе мен иық буынының артикулярлық патологиясын емдеудегі "алтын стандарт" болып табылады. Техниканың артықшылығы оның минималды жарақаттануында, бұл операциядан кейінгі кезеңде ауырсынуды азайтуға және аяқ-қол функциясын тез қалпына келтіруге көмектеседі.

Мұндай операциялар көбінесе спортшыларға спорттық шараларға қатысқаннан кейін жасалады.

Академик Н.Ж. Батпенов атындағы Ұлттық ғылыми травматология және ортопедия орталығында жыл сайын Балбосынов Бағдат 1000-ға жуық ота жасайды, ал орталықта жылына 4000-ға жуық ота жасалады.

Операциядан басқа, дәрігер екі күн ішінде тірек-қимыл аппараты аурулары бар Қызылорда облысының пациенттеріне кеңес береді.


Печать   E-mail