×
- О центре
- Клинические направления…
- Научная деятельность…
- Пациентам
- Мемлекеттік тіл
Қазақстан Республикасы халықтарының тілдер күніне жәнеАхмет Байтұрсынұлының 150 жыл мерейтойына арналған мерекелік іс-шара
Тіл – халықтың баға жетпес байлығы, ол ұлттардың бірігуі мен тату болуына ықпал етеді. Ана тіліміз – тәрбие құралы және адамдардың тілдік қарым-қатынасын байланыстыратын болмыс өзегі. Тілдер күні – Қазақстанның азаматтар достығының, туыстық пен бірлігінің белгісі, ал халықтар достығы, өзара түсіністік пен ынтымақтастық – мемлекет құрылысының басты тірегі.
5 қыркүйек – Қазақстан Республикасы халықтарының тілдер мерекесі. Бұл – барша елге ортақ, жалпы халықтық мереке, барлық ұлт өкілдеріне көрсетілген құрмет деп білеміз.
«Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің қуаттысы – тіл» деген ұлағатты сөз қалдырған, қазақ халқының тағдыры мен тілі үшін күрескен Алаш арысы, ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 150 жыл толып отыр.
Қазақстан Республикасы халқының тілдері күніне орай 2022 жылғы 9 қыркүйекте «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте!» және Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай іс-шара өткізілді. Мерекелік іс-шарамыз осы Ахмет Байтұрсынұлының мерейтойымен тығыз байланыста өткізілді. Орталық бөлімшелерінің қызметкерлері аталған іс-шараға белсенді қатысты. Мереке жоғарғы деңгейде өткізілді.




Қазақстан Республикасының тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» аясында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі «Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығы» АҚ «Мемлекеттік тіл – менің тілім» атты республикалық конкурс 2022 жылы 2-3 маусым аралығында өткізілді. Бұл байқауға орталықтың қазақ тілі оқытушысы Нұрсағитова Еркежан Ерікбекқызы қатысып, жеңімпаз атанды.


Қош келдің — Наурыз!
Тәуелсіз мемлекетіміздің қалыптасуымен бірге Қазақстан Республикасының мемлекеттік мерекесі — Наурыз мейрамы барлық қазақстандықтар үшін жалпы халықтық мереке. Наурыз — бұл тек көктемнің ғана емес, ең әуелі ізгілік пен жақсылықтың мейрамы. Ұлыстың осы бір ұлы күні адамдар бір-біріне деген өкпе-реніштерін ұмытып, кешірімге келіп татуласып, табысқан. Наурыз жыл басы, көктем мерекесі.
2022 жылы 18 наурыз күні «Қош келдің Наурыз!» атты мерекелік іс-шара өткізілді. Наурыз мейрамы қызметкерлерді шығармашылық ынталандыру, ұжымдық рухты арттыру мақсатында жыл сайын өткізіліп отырады. Академик Н.Ж.Батпенов атындағы Ұлттық ғылыми травматология және ортопедия орталығының бөлім қызметкерлері белсене қатысты. Ақ дастархан жайылып, наурыз көже, ұлттық тағамдары қойылды. Қатысушылар өз өнерлерін көрсетті.








«Наурыз аруы — 2023»
Шұғылалы көктемнің мерекесі – Ұлыстың ұлы күні 22 наурыз мейрамы. Наурыз – «жаңа күн» деген сөз. Бұл күн – біздің ата-бабаларымыз, арғы тегіміз мыңдаған жылдардан бері тойлап келе жатқан жыл басы мерекесі.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік мерекесі Наурыз мейрамы қарсаңында АкадемикН.Ж.Батпенов атындағы Ұлттық ғылыми травматология және ортопедия орталығы қызметкерлерінің арасында 2023 жылғы 17 наурыз күні «Наурыз аруы — 2023» атты мерекелік іс-шара өткізілді.
Бүгінгі ұл – ертеңгі әке, бүгінгі қыз ертеңгі ана. Сол себепті орталық қызметкерлері қыздарының бойынан салт — дәстүр, әдет- ғұрып табу – басты мақсатымыз. Осы байқауда орталықтың қыздары өз білімдерін, өнерлерін көрсетті. Женімпаздарды қазылар алқасы анықтап, марапатталды.


Қазақстан халқының Тілдер мерекесіне орай және қазақтың көрнекті ақыны, ағартушысы Сұлтанмахмұт Торайғыровтың туғанына 130 жыл толуына байланысты 2023 жылғы 8 қыркүйекте Орталықта «Қараңғы қазақ көгіне, өрмелеп шығып, күн болам!» атты мерекелік іс-шара өтті.
Іс-шараның мақсаты – мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру, ана тіліміздің байлығын дәріптеу, сондай-ақ Сұлтанмахмұт Торайғыров шығармалары арқылы тілге, елге деген сүйіспеншілікті арттыру.
Іс-шарада қатысушылар Сұлтанмахмұт Торайғыровтың өмірі мен шығармашылығына байланысты слайд көрсетті, ақынның өлеңінен үзіндіні мәнерлеп, жатқа оқып, шығармаларынан сахналық қойылым сомдады.
Аталған мазмұнды іс-шара ана тілімізді дәріптеуге, ұлттық сананы нығайтуға және ұлы тұлғалардың мұрасын ұрпақ санасында мәңгі қалдыруға зор үлес қосады.




Ағымдағы жылдың наурыз айында Академик Н.Ж.Батпенов атындағы ҰҒТОО-нда елдік тұрғыда жаңару мен жаңа құндылықтарды қалыптастыру ісінің аясында Наурызды бірлік, бауырластық пен ынтымақ мерекесі ретінде қарастыратын келесі іс-шаралар ұйымдастырылды.
Наурыз мейрамына арналған іс-шара жоғары деңгейде ұйымдастырылып, ұлттық салт-дәстүрлерді насихаттауға, қатысушылардың бірлігі мен ынтымағын арттыруға зор үлес қосты. Қатысушы көрермендер мерекелік көңіл-күйге бөленіп, Наурыздың мәні мен маңызын терең түсіне білді. Аталған іс-шара ұлттық құндылықтарды дәріптеуге, рухани тәрбиеге оң әсерін тигізді.




«Жалпы медицина, оның ішінде травматология және ортопедия саласындағы терминология мәселелері» атты қалалық дөңгелек үстел

Дөңгелек үстел қатысушылары бағдарламамен танысуда

Жарықова Дидар Рымжанқызы – Астана медицина университеті филологиялық пәндер кафедрасының меңгерушісі, п.ғ.к., доцент ҚР ДСМ жанындағы республикалық терминологиялық комиссия мүшесі;
Баяндама тақырыбы: Хирургия саласы бойынша терминдерді дұрыс қолдану мәселелері

Нұрахметов Әсет Асқарұлы – Академик Н.Ж.Батпенов атындағы ҰҒТОО
І-біліктілік санатты травматолог-дәрігер
Баяндама тақырыбы: Қазақша ортопедия


Әділ Әбдікерім — Академик Н.Ж.Батпенов атындағы ҰҒТОО
№3 травматология бөлімшесінің травматолог-дәрігері
Баяндама тақырыбы: Травматология ішіндегі микрохирургия терминологиялары


Академик Н.Ж.Батпенов атындағы ҰҒТОО клиникалық жұмыс жөніндегі директорының орынбасары С.С.Балғазаровтың дөңгелек қатысушыларына алғыс хаттар мен сертификаттарды табыстау рәсімі

Алдангорова Айжан Әнуарбекқызы – ҚР ДСМ Мемлекеттік тілді дамыту басқармасының басшысы, ҚР ДСМ жанындағы салалық терминологиялық комиссияның хатшысына алғыс хат табыстау рәсімі;

Қазақстан Республикасында тіл саясатын дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын денсаулық сақтау жүйесінде іске асыру жөніндегі 2023-2029 жылдарға арналған іс-қимыл жоспарының 15-тармағын іске асыру және медицина терминдерінің қазақ тілінде қалыптасуы, травматология мен ортопедия терминдерінің аударылу тәсілдері мен қолданысы, терминдерге тән талаптарды сақтау бойынша тәжірибе алмасу мақсатында Академик Н.Ж. Батпенов атындағы Ұлттық ғылыми травматология және ортопедия орталығында 2024 жылғы 26 қыркүйекте «Жалпы медицина саласында, оның ішінде травматология мен ортопедияда қолданылатын терминология мәселелері» тақырыбында республикалық дөңгелек үстел ұйымдастырылды.
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес төл мерекемізді тойлаудың жаңа дәстүрі қалыптастырылып, 14-23 наурыз аралығында Академик Н.Ж.Батпенов атындағы Ұлттық ғылыми травматология және ортопедия орталығында наурызнама онкүндігі жарияланып, «Қош келдің, Әз-Наурыз!» атты мерекелік іс-шара өтті. Мерекелік іс-шараға белсене қатысып, өнерлерін көрсеткендері үшін бөлімше қызметкерлеріне алғыс хаттар мен сертификаттар табысталды.





Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойын атап өту, ұлы ақынның мұрасын дәріптеу арқылы мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейтуді және оның мәртебесін арттыруды қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар өткізу мақсатында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Академик Н.Ж.Батпенов атындағы Ұлттық ғылыми травматология және ортопедия орталығы» ШЖҚ РМК 2025 жылғы 17 қыркүйекте «Абай дана, Абай дара қазақта» атты шығармашылық кеш ұйымдастырылыпп, өткізілді.
Осы мерекелік іс-шара шығармашылық кеш түрінде өтті. Іс-шараға ҚР ДСМ «Академик Н.Ж.Батпенов атындағы Ұлттық ғылыми травматология және ортопедия орталығы» ШЖҚ РМК құрылымдық бөлімшелердің қызметкерлері қатысты.









