№4 ортопедия бөлімшесі
Бөлімшеде ұршық, тізе, иық буындарын эндопротездеу операциялары жүргізіледі. Соңғы жылдары эндопротездеудің күрделі көп кезеңді операцияларын орындауға, ревизиялық араласуларға, соңғы буын импланттарын қолдана отырып, аз инвазивті технологияларға назар аударылуда.
Бөлімше қызметкерлерінің ғылыми қызметі ұршықбуыны эндопротезінің тұрақсыздығы бар науқастарды диагностикалау және жедел емдеу алгоритмін әзірлеуге бағытталған.
Институт ашылған сәттен бастап бөлімше қызметкерлері ірі буындарды эндопротездеу бойынша 9000-нан астам операция орындады.
Мамандандыру: ұршық, тізе, иық буындарын эндопротездеу
Технологиялар мен әдістемелер: De Puy, Stryker (АҚШ), ImplantCast, Arge implant (Германия), Mathys (Швейцария), БМСИ (Ресей), Эскулап (Германия) эндопротездерді импланттау.
Төсек-орын саны: 25