№5 травматология бөлімшесі
Бөлімше шұғыл мамандандырылған травматологиялық көмек және жоғары технологиялық медициналық қызметтер көрсетеді.
Бөлімшеде травматологиялық науқастарды емдеудің заманауи әдістері қолданылады: иықтың, білектің, сирақтың жабық бұғатталатын остеосинтезі, аяқ-қол сүйектерінің сүйекті остеосинтезі және жамбас пен ұршық ойығы сүйектерінің күрделі сынуы, жамбас сақинасы зақымданған кезде жабық остеосинтез, ұзын түтікше сүйектер мен жамбас сүйектері сынған кезде сыртқы бекіту аппараттарымен остеосинтез, жамбас сүйектерінің деформациясын түзету. Жыл сайын 700-ге жуық операция жасалады.
Бөлім қызметкерлерімен 40-қа жуық ғылыми мақалалар жарияланып, құрылғыларды ойлап табуға ҚР 2 инновациялық патенті және жамбас сүйектерін диагностикалау тәсіліне 1 патент алынды.
Мамандандыру: шұғыл травматология
Технологиялар мен әдістер: остеосинтездің кең спектрі
Төсек-орын: 20