№7 ортопедия бөлімшесі
Бөлімшенің емдеу қызметінің негізгі бағыты ірі буындарды эндопротездеуді жүргізу болып табылады. Ұршық және тізе буындарын эндопротездеу бойынша операциялар цементті және цементсіз негіздегі имплантаттарды қолдана отырып жүргізіледі. Бөлімше ірі буындарды эндопротездеу республикалық орталығының құрылымына кіреді.
Мамандандыру: ірі буындарды эндопротездеу
Технологиялар мен әдістемелер: Stryker, DePuy, Zimmer (АҚШ), ImplantKast KAZNIITO (Германия), Tirsan (Түркия), Mathys (Швецария), Мати (Ресей), Maxx Orthopedics (Үндістан) эндопротездерін қолдану.
Төсек-орын саны: 25