Қабылдау-диагностикалық бөлімшесі
Қабылдау-диагностикалық бөлімшесінде тәулік бойы шұғыл көмек көрсету және түрлі жарақаттармен науқастарды ауруханаға жатқызу жүзеге асырылады.
Қабылдау бөлімшесінде жоғары және бірінші санатты дәрігерлер, оның ішінде травматолог, хирург, нейрохирург, комбустиолог, тамырлық хирург, реаниматолог кезекшілік етеді. Жауапты дәрігер шұғыл науқастарды тексеру, консультация беру, емдеу бойынша ҰҒТОО кезекші медициналық персоналы мен Нұр-Сұлтан қаласының ургенттік клиникалары арасындағы үйлестіруді және өзара іс-қимылды жүзеге асырады. Қолда бар диагностикалық медициналық аппаратура толық тексеруді қысқа мерзімде тәулік бойы жүргізуге мүмкіндік береді.
Қабылдау-диагностикалық бөлімшенің функциялары:
- Емдеуге жатқызудың белгіленген арналары бойынша қабылдау-диагностикалық бөлімшеге келіп түсетін пациенттерді қабылдау, қарау және тексеру (өзі қаралу, қалалық жедел медициналық жәрдем станциясының, санитариялық авиацияның жеткізуі, ҚР емханаларының жолдамасы бойынша, басқа медициналық ұйымнан ауыстыру, әкімшілік квота бойынша).
- Бекітілген медициналық және есептік құжаттаманы белгіленген нысанда ресімдеу және жүргізу, медициналық араласуға хабардар етілген ерікті келісімді ресімдеу, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде медициналық көмек көрсету, пациенттің сәйкестендіру браслетін басып шығару.
- Қабылдау-диагностикалық бөлімшесіне жоспарлы және шұғыл емделушілерге түсушілердің ағынын бөлу. Шұғыл пациенттерді аурудың сипаты, ауырлығы және бейіні бойынша сұрыптау, емдеуге жатқызу үшін бейінді бөлімшені айқындау.
- Диагностикалық процесті ұйымдастыру: дәрігерлік тексеру жүргізу, көрсеткіштер бойынша дәрігер - мамандардың консультацияларын қоса алғанда, қажетті диагностикалық зертханалық және аспаптық зерттеулерді орындау.
- Пациенттерді стационардың бейінді бөлімшелеріне немесе басқа медициналық ұйымдардың стационарларына ауыстыруды, емдеуге жатқызу үшін көрсетілімдері жоқ пациенттерді амбулаториялық-емханалық емдеу кезеңіне ауыстыруды ұйымдастыру.
- Стационар бөлімшелеріне жіберілетін пациенттерге санитариялық өңдеу жүргізу (көрсеткіштер бойынша).
- Пациенттердің қозғалысы туралы ақпарат алу және бейінге сәйкес бөлімшелердің біркелкі жүктелуі.
- Жіті жағдайларда пациенттерге шұғыл диагностикалық және емдік көмек көрсету бойынша жедел және шұғыл медициналық көмек қызметімен, емханалармен, отбасылық-дәрігерлік амбулаториялармен өзара іс-қимыл және сабақтастықты қамтамасыз ету.
- Азаматтардың зорлық-зомбылық сипатындағы дене жарақатымен жүгінуінің барлық жағдайлары туралы Нұр-Сұлтан қаласы ІІБ жедел басқару орталығының "102" қызметіне телефонограмма жіберу.
- Қабылдау-диагностикалық бөлімшенің төтенше жағдайлар туындаған жағдайда және аса қауіпті инфекциялары бар пациенттердің күдігі мен анықталуы кезінде жұмысқа ұдайы әзірлікте болуы.
Қабылдау-диагностикалық бөлімшенің мақсаты:
- Патология бейіні бойынша медициналық көмек көрсетудің бекітілген стандарттары мен тәртіптеріне сәйкес жеткізілген және жүгінген барлық пациенттерге қысқа мерзімде мамандандырылған медициналық көмек көрсету.
- Жедел медициналық көмек көрсетудің бекітілген тәртібіне сәйкес ауруханаға дейінгі кезеңде жедел және шұғыл медициналық көмек көрсету.
- Пациенттің мүддесі үшін мекеменің барлық мүдделі қызметтерімен және бөгде медициналық ұйымдармен өзара іс-қимылды жүзеге асыру.
- Шұғыл медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыруды жетілдіру, жеделдігін және сапасын арттыру.