№5 ортопедия бөлімшесі
Бөлімшеде артроскопиялық технологияларды пайдалана отырып буын патологиясы бар науқастарды хирургиялық емдеу жүргізіледі. Артроскопиялық технологияларды қолдану пациенттерді емдеу сапасын едәуір жақсартуға, медициналық және әлеуметтік оңалту мерзімдерін жеделдетуге мүмкіндік береді. Жыл сайын бөлімшеде тізе және иық буындарына 900-ден астам араласу жасалады, бөлімше қызметкерлері күн сайын консультациялық көмек көрсетеді.
Буындардың емдік-диагностикалық артроскопиясын орындау үшін "Де Пью", Stryker, Karl Storz фирмаларының жабдықтары қолданылады, ең заманауи импланттар мен "Arthrex"технологиялары пайдаланылады. Бөлімшеде Ұлттық биотехнология орталығымен бірлесіп жасушалық терапия әдістерін әзірлеу бойынша ғылыми жұмыс жүргізілуде, тірек-қимыл аппаратының патологиясын емдеу үшін тромбоциттермен байытылған плазманың көмегімен емдеу әдісі (PRP-терапия) енгізілді.
Мамандандыру: буындардың патологиясы бар науқастарды емдеу, спорттық жарақаттар
Технологиялар мен әдістемелер: Эндовидеохирургия
Төсек-орын саны: 25