Тәуелсіздік күні

 

16 Желтоқсан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні

Еліміз тәуелсіздіктің бесігінде тербелгелі 31 жыл. Отыз бір жыл ішінде Қазақстан етек-жеңін жиып, шекарасын бекітіп, өз алдына дербес зайырлы ел болды. Бұл атадан келе жатқан ұлы жеңістің жемісі. 1991 жылы 16 желтоқсанда егемендігін алған еліміздің өз президенті, ұлты мен ұлысы, салты мен дәстүрі, мәдениеті мен экономикасы болды. Желтоқсанның желі мен ызғарына қарсы тұрған жастардың жалынды рухы мен ерліктерінің арқасында шаңырағы биік, керегесі кең мемлекет болып қалыптастық. 


ҰҒТОО директоры Бекарисов Олжас орталық қызметкерлерін Тәуелсіздік күнімен құттықтады. Сонымен қатар, бірқатар қызметкерлерді Тәуелсіздік күні және адал еңбегі үшін төс белгілермен, Құрмет грамотасымен және Алғыс хаттармен марапаттады.

 

Фото есеп

 

 

14 желтоқсан күні Тәуелсіздік сарайында "Аманат" партиясының сайлау науқанына белсенді қатысқаны үшін ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан Ысқақов Ержан Сағиұлы мен Ким Лариса Владимировнаға алғыс хаттар табыс етілді.

Суретте Лариса Павловец пен Ержан Ысқақов

"Аманат" партиясы атынан Ержан Ысқақов орталық қызметкерлеріне алғыс хаттар табыс етті.


Басып шығару   E-mail