📆2022 жылғы 15-16 қыркүйекте Түркістан қаласында гибридті форматта «Қазіргі заманғы травматология мен ортопедияның көкжиектері» Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтеді.
🤝Конференция Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің, «Академик Н.Ж.Батпенов атындағы Ұлттық ғылыми травматология және ортопедия орталығы» ШЖҚ РМК, Түркістан облысы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің, Академик Нұрлан Батпенов атындағы «Травматолог-ортопедтердің Қазақстандық Ассоциациясы» РБҚ қауымдастығының қолдауымен өтеді.
🔹Конференция Халықаралық мәртебеге ие. Конференцияға ғалымдардың, травматолог – ортопед дәрігерлердің, онкологтардың, балалар ортопедтерінің, анестезиолог-реаниматологтардың, тек Қазақстан Республикасының ғана емес, сондай-ақ Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Әзірбайжан, Беларусь, Тәжікстанның реабилитологтарының қатысуы, сондай-ақ Германия, Түркия, Қытай, Үндістан және т. б. мамандардың қатысуы жоспарлануда.
Конференция шеңберінде дәрігерлердің назарына:
-пленарлық отырыстар
-«Бәтпенов оқулары» жас ғалымдар конференциясы
-сателлиттік симпозиумдар
-көрнекі операциялар
-медициналық мақсаттағы бұйымдар көрмесі ұсынылады.
📝Конференцияның ғылыми бағдарламасы келесі бөлімдерден тұрады:
1.Ортопедиялық-травматологиялық көмекті ұйымдастыру.
2.Сүйек пен буындардың зақымдануын емдеудегі инновациялық технологиялар (жасушалық және аддитивті технологиялар).
3.Онкоортопедия.
4.Вертебрология.
5.Артроскопия және буындарды эндопротездеу.
6.Жарақат.
7.Бейбіт уақыттағы көпжарақат және атыс жарақаттары.
8.Балалар травматологиясы мен ортопедиясының өзекті мәселелері.
9.Қазіргі жағдайдағы медициналық оңалту.
10.Ортопедиялық және травматологиялық науқастарды емдеудегі қателіктер мен асқынулар.
🏢Өткізу орны: Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, Түркістан облысы, Түркістан қаласы, Б.Саттарханов даңғылы, 29.
🔹Конференцияға қатысу тегін. Баяндамамен сөйлеу 15 минуттан аспайды. Делегаттардың конференцияға қатысу нәтижелері бойынша тыңдаған дәрістер сағаттарының саны көрсетілген, атаулы сертификаттар берілетін болады.
Конференция баяндамаларына ұсынылған мақалалар мен тезистер алдағы конференция жинағында жарияланып, электрондық тасығыштарда ұсынылатын болады.
📧Мақалалар мен тезистерді рәсімдеу ережелерімен www.journaltokaz.org журналы сайтында «Авторлар үшін» бөлімінде танысуға болады. Мақалалар «онлайн-мақала беру» жүйесі арқылы берілуі тиіс. Баяндама тақырыптары мен тезистер 2022 жылдың 1 шілдесіне дейін қабылданады.
«Батпенов оқулары» жас ғалымдар конференциясына қатысуға өтінім ілеспе материалдармен бірге 2021 жылғы 10 тамыздан кешіктірілмей мына электрондық мекенжайларға берілуі тиіс: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс., Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс..
📞БАЙЛАНЫС ТЕЛЕФОНДАРЫ:
Г.К.Жақсыбекова – ҰҒТОО ж.ғ.қ., м.ғ.к.
Тел/факс: 8 (7172)54-75-32, 54-76-56,ішкі 415, ұял. тел. +7 701 522 61 22
E-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс., Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.
А.С. Абдрахманова – ҰҒТОО ғылыми хатшысы, м.ғ.к.
(7172) 54-77-17, ішкі.163, моб.тел. +7 701 940 41 16
E-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс., Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.