Осы аптадағы маңызды жаңалықтардың бірі, Қытайдан келген делегация Синьзян медициналық университетінің 6-шы ауруханасы мен Академик Н.Ж. Батпенов атындағы Ұлттық ғылыми травматология және ортопедия орталығы арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қоюы болды.
Келісімнің негізгі бағыты кадрларды даярлауды жақсарту және медициналық қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша бірлескен күш-жігерге бағытталған.