Академик Н.Ж. Батпенов атындағы Ұлттық ғылыми травматология және ортопедия ғылыми орталығы, Қазақстанның еңбек сіңірген дәрігері және мемлекет қайраткері Қаршығы Кәкешұлы Құлмұқановтың өмірден кетуіне байланысты көңіл айтады.
Каршыға Кәкешұлы өзінің мансабын Целиноград облыстық ауруханасының травматология бөлімінің резидент-дәрігері ретінде бастады және көптеген жылдар бойы мамандыққа адал болды. Оның Қазақстанның денсаулық сақтау саласын дамытуға қосқан үлесі баға жетпес: ол ҚР Үкіметі жанындағы медициналық сақтандыру қорын басқарды, Астана қаласының медициналық қызметтер басқармасын басқарды және №2 қалалық балалар ауруханасының бас дәрігері болып жұмыс істеді.
2013 жылдан бастап "Астана" оқу-клиникалық орталығында еңбек етіп, өзінің бай тәжірибесін жас мамандарға беруді жалғастырды. Қаршыға Кәкешұлы медицина мен мемлекеттік қызметке қосқан үлесі үшін "Құрмет" және "Парасат" ордендерімен марапатталған.
Қаршыға Кәкешұлы туралы жарқын естелік біздің жүрегімізде мәңгі қалады.
Академик Н.Ж.Батпенов ұжымы.