Қытайдан делегациясының іс-сапары

Қытайдан келген әріптестер Қазақстандағы травматология және ортопедия саласындағы халықаралық ынтымақтастықты кеңейту мақсатында Астанаға келді.

Делегация құрамына Үрімші қаласының 1-ші қалалық ауруханасының бас хатшысы Peng Libin, Пекин қаласының Қытай травматология және ортопедия қауымдастығының хатшысы Xin Xin, Үрімші қаласының Ғылыми-зерттеу орталығының маманы Qian lei және Үрімші қаласының "Medical Doctor" орталығының травматолог-ортопед Erzat Kazhakhan кірді.

Бірінші күні қонақтар Академик Н. Ж. Батпенов атындағы Ұлттық ғылыми травматология және ортопедия орталығының жұмысымен танысты.. Орталық директоры Олжас Бекарисов қонақтарға орталықтың жұмысы, жүргізіліп жатқан операциялар көлемі және ҰҒТОО қызметкерлерінің ағымдағы ғылыми зерттеулері туралы айтып, орталықтың өз тарихымен бөлісті.

Өз кезегінде қонақтар Қытай клиникаларының жұмысы туралы презентация ұсынды, өз жұмысында пайдаланатын робототехника мен операциялық жүйелерді енгізу туралы айтты.

Екі тарап травматология және ортопедия саласында ынтымақтастық орнатуға және тәжірибе алмасуға терең қызығушылық танытты. Сондай-ақ жыл сайынғы конференцияларға қатысу мүмкіндіктері талқыланды, бұл қосымша білім мен тәжірибе алмасуға ықпал етеді.

Елорданың басты көрікті жерлеріне экскурсия ұйымдастыру сапардың іскерлік бөлігіне жағымды қосымша болды және қонақтарға Қазақстанның мәдени мұрасы мен қоғамдық өмірін жақсы түсінуге мүмкіндік берді.


Басып шығару   E-mail