Ұлттық ғылыми травматология және ортопедия орталығының ұжымы Наурыз мерекесін атап өтті.
Салтанатты шараны орталық директоры Олжас Бекарисов ашып, ұжымды Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесімен құттықтады.
Іс-шарада жаңару мен жақсылық бастауы Наурыз мейрамына орай, Қазақтың ұмытылып жатқан ұлттық ойындарымен салт- дәстүрі туралы әріптестеріміз дайындалып көрініс көрсетіп, бір біріне игі тілектер тілеп, жылы сөздер жаудырып жатты. Ал Наурыз көже, ұлттық тағамдар, қызметкерлердің ұлттық нақыштағы көз тартар киімдері іс-шараның мерекелік атмосферасына сән келтірді.
Сіздерді ҰҒТОО Наурыз мерекесімен шын журектен құттықтайды жане зор денсаулық, отбасылық амандық, әрбір шаңыраққа шаттык, елімізге бейбіт заман тілейді!