Үстел теннисінен қатысушылар арасындағы жеңіс

Үстел теннисінен 1 орынды Академик Н.Ж. Батпенов атындағы Ұлттық ғылыми травматология және ортопедия орталығының командасы иеленді.

Орталық атынан ОАРИТ меңгерушісі Айдос Қабибулатұлы Конкаев, комбустиолог дәрігер Жанатай Көлбайұлы Рамазанов және ОАРИТ бөлімшесінің санитары Кубрина Татьяна жеңіске жетті. Әріптестерімізді құттықтаймыз!

Іс-шара "Салауатты ұлт" ұлттық жобасын іске асыру аясында "AQNIET" Қазақстандық салалық денсаулық сақтау қызметкерлері кәсіподағының елордалық филиалы мен Астана қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы ұйымдастырған Астана қаласының медициналық ұйымдарының қызметкерлері арасында үстел теннисі бойынша спартакиада өтті.
Спартакиада бұқаралық спортты дамыту, халықтың қалың жігін дене шынықтырумен және спортпен жүйелі түрде айналысуға тарту, денсаулықты нығайту, еңбекшілер арасында жұмысқа қабілеттілікті арттыру және сырқаттанушылықты азайту, медицина қызметкерінің имиджін арттыру және 2023-2025 жылдарға арналған қалалық Салалық келісімді іске асыру мақсатында ұйымдастырылды.

Үстел теннисін ойнау, вестибулярлық аппараттың жұмысын жақсартады, моториканы дамытады (бұл әсіресе балалар үшін маңызды), бұлшықеттерді күшейтеді, жүрек-тамыр жүйесінің жұмысын жақсартады.


Басып шығару   E-mail